Шардара ауданында Балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Аталған мереке шілде айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді:
– Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Балық шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Саладағы табанды еңбектеріңіз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға зор үлес қосып келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді Б.Төребеков.
Шара барысында сала ардагері Тілеубеков Шымкентбай Молдажанұлы “Шардара ауданына 60 жыл” мерекелік төсбелгісімен және Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар сала мамандарына Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан Алғыс хаттар табысталды.
Марапат иелері қатарында:
• Бекарыстанәлі Мұхтар Бекарыстанәліұлы
• Брадучан Александр Владимирович
• Кенбаев Нұржан Макканұлы
• Танабаев Сәбит Серікбайұлы
• Азиев Жомарт Расулұлы
• Амангелдиев Нұрсұлтан Батырұлы
• Минайдаров Ержан Шардарбекұлы
• Малибеков Оразхан Нұрболұлы
• Байқошқаров Мұхтар Сайрамбайұлы бар.
Мерекелік іс-шара сала қызметкерлерінің кәсіби еңбегін бағалап, алғыстың нақты көрінісі ретінде ұйымдастырылды.
(c) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1033520?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау