“Таза жағалау” экологиялық акциясы өткізілді
🔸Мемлекет басшысының 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру және аудан тұрғындары арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алакөл көлі жағалауында “Таза жағалау” атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
🔸Шараға ауданның белсенді жастары мен “Жасыл ел” еңбек жасақшылары қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы игі бастамаға өз үлестерін қосты.
🔸Экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған акция барысында көл жағалауы толығымен тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартылып, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1032925?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау