ТҮРКІСТАНДА ТІЛ ЗАҢЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласына рухани, тарихи-мәдени және туристік орталық ретінде, сондай-ақ сәулет мұрасы мәртебесінің берілуі – қаланың көрнекі келбеті мен тілдік кеңістігін заңнама талаптарына сай ұстауды міндеттейді.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына және ҚР Тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 20-тармағына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Тілдерді оқыту және дамыту орталығы” КММ қызметкерлері Жаңа қала аумағындағы бірқатар нысандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг нәтижесінде 18 нысан қамтылып, жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде заң талаптарының бұзылу фактілері анықталды. Осыған орай, 7 кәсіпкерге ауызша ескерту беріліп, заңбұзушылықтарды жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған бағыттағы жұмыстар тамыз айына дейін жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1032839?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version