Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жол айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты биыл 11-14 шілде аралығында Сығанақ көшесі бағытындағы Мәңгілік Ел даңғылынан оң жақ съезі және Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына оң жақ съезі толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1033616?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау