Зеренді ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметтер сапасы мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зеренді ауданы әкімімдігінде мемлекеттік қызметтер сапасы мәселелері бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Д.Ғ., Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Шытырымбек Н.Қ., сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары, қызметтердің цифрландыру деңгейін және халық үшін қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Ауданда 60 түрі мен 65 кіші түрі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін 29 нысан жұмыс істейді. Төрт елді мекенде «Сервистік әкімдіктер» қызмет көрсетуде, тағы біреуі осы жылдың IV тоқсанында ашылады деп жоспарланған. 22 ауылдық округте «E-gov» бұрыштары жұмыс істейді, цифрлық құжаттар туралы ақпараттық баннерлер орнатылған.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат әкімдіктерде, ресми сайтта, Instagram желісінде және 1414 нөмірі арқылы қолжетімді. Көрсетілетін қызметтердің сапасын, мерзімдерін және регламенттердің сақталуын бақылау тоқсан сайын жүргізіледі. Қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері қоғамдық кеңес отырыстарында да қаралады.
2025 жылға азаматтардың мүддесіне бағытталған сервистік мемлекет моделіне көшу аясында мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1033558?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version