Қосшы қаласының тұрғындарына арналған «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кинотренинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және Тәртіп» акциясы аясында және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Қосшы қаласының прокуратурасы Құқық қорғау органдары академиясы және Қосшы қаласының полиция бөлімімен бірлесіп қала тұрғындарына арналған «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кинотренинг өткізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға келесі ескертулер берілді:

–        PIN-кодты, CVV-кодты, SMS арқылы келген кодтарды ешқашан телефон арқылы айтпаңыз – тіпті қоңырау шалушы өзін банк қызметкері ретінде таныстырса да.

–        Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, күмән тудыратын сайттарға жеке деректеріңізді енгізбеңіз.

–        Құжаттар мен банк карталарының суреттерін бөтен адамдарға жібермеңіз.

–        Кез келген күмәнді жағдайда бірден полицияға немесе прокуратураға жүгініңіз.

Ақмола облысының прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1033176?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version