Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

07.07

Түркістан облысы

Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмыс тобы Түркістан облысының Жетісай ауданында суару суын пайдалану ережелерін бұзған 65 деректі анықтады.

08.07

Ұлытау облысы

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ұлытау облысында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша екі жобаны аяқтауға жақын.

09.07

Астана

9 шілде – Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.

09.07

Қонаев қаласы

Қазақстандық бойжеткен су саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен ерекше құттықтады.

09.07

Астана

Астанада Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай су саласының мамандарына мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстау рәсімі өтті. Мерекеге орай 442 маман марапатталды.

09.07

Астана

Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай үздік сушылар әулеті анықталды.

09.07

Астана

Қазақстанның үздік жас сушылары анықталды. Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырған «Еңбек жолы» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша 8 жас сушы үздік деп танылды.

09.07

Астана

Су шаруашылығы қызметкерлері күнінде сарапшылар климаттың өзгеруінің су шаруашылығы саласына әсерін талқылады.

10.07

Астана

Қоғамда суды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі тұрмыстық жағдайда суды үнемдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар әзірледі.

11.07

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының Шу ауданында ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау жобасы 91%-ға аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1033686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version