2025 жылға 12769 м² шұңқырлы жөндеу жоспарланып, бүгінге дейін оның 11900 м² асфальт жабындысы төселді.
Жол қауіпсіздігін арттыру үшін 280 жол белгісі жаңартылып, 145 жаңа белгі орнатылды. 17000 м² жолақ бояумен, 7000 м² суық пластикпен, 1000 м² термопластикпен жаңартылды.
Жол құрылысы бағытында:
* «Нұрас» ЖҚС–ХҚКО аралығындағы жолдың 1,3 км бөлігі салынды;
* Шығыс-2,3 шағынаудандарында тротуарлар төселуде;
* 39–40 шағынаудандар арасындағы жол құрылысы басталды;
* 7 жаңа жобаның құжаттары дайын, сараптамадан өтті.
Кептелісті азайту үшін 4 жол қиылысында қосымша оңға бұрылатын жолақ салынды. Сондай-ақ, 3 учаскеде орташа жөндеу жоспарланған. Біреуі бойынша мердігер анықталды, екеуіне конкурс жүріп жатыр. Аталған учаскелер:
* Облыстық филармония – «Дана» дүкені бағыты
* «Жасыл базар» – «Бәйтерек» СО (27 ш/а)
* 4 ш/а – Т.Шевченко алаңы аралығы
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1033256?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау