Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Семинарда Департамент бөлімінің басшысы Жанар Қалиева баяндама жасап, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында жүргізілген бақылау сатып алуларының нәтижелеріне жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, кейбір жағдайларда қолданыстағы санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер анықталған, бұл өз кезегінде профилактикалық және бақылау іс-шараларын күшейтудің маңыздылығын көрсетеді.
Семинар барысында қатысушылар сатып алу қызметін құқықтық реттеу, анықталған бұзушылықтарды тіркеу тәртібі, сондай-ақ тексеріс қорытындыларын рәсімдеу кезінде туындайтын қиындықтар мәселелерін талқылады.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және санитариялық нормалардың сақталмауына қатысты жауапкершілік шараларын күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1034323?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау