Іс-шараның негізгі спикерлерінің бірі Департамент бөлімінің басшысы Булат Байкенов әкімшілік құқықбұзушылық істерін қарау және жүргізу тәртібі тақырыбында жан-жақты баяндама жасады. Ол өз сөзінде әкімшілік іс қозғау кезінде лауазымды тұлғалардың іс-әрекет алгоритміне, іс материалдарын рәсімдеуге және процестік құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тоқталды. Істерді қарау барысында заңдылықты сақтау және тараптардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Семинардың екінші маңызды бөлігі – қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесін талқылау болды. Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Сауле Садвакасова ұжыммен түсіндіру әңгімесін өткізіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін еске салды. Ол мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық талаптары тек қызметтік міндеттерді орындау кезеңінде ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақытта да қолданылатынын атап өтті.
Мемлекеттік қызметші – жұмыс орнынан тыс жерде де мемлекеттің өкілі болып табылады, – деді Сауле Садвакасова. – Оның күнделікті өмірдегі, әлеуметтік желілердегі, азаматтармен қарым-қатынасындағы тәртібі жоғары моральдық және кәсіби стандарттарға сай болуы тиіс.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу – тәртіпті нығайту, құқықтық сананы қалыптастыру және қызметкерлер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1034340?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау