Министрліктің Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидаттарды таңдау бойынша отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидаттарды таңдау бойынша отырыс өткізілді.

Отырысқа Министрліктің, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, жұмыс тобының құрамын таңдау конкурсына қатысуға өтініш білдірген    азаматтар, сонымен қатар бақылаушылар қатысты.

Жұмыс тобына таңдау қатысушы кандидаттар арасында  ашық дауыс беру арқылы өткізілді.

Отырыстың нәтижесі бойынша Жұмыс тобының құрамы мақұлданды (коммерциялық емес ұйым мен азаматтар арасынан 5 адам, Министрліктен 2 адам). Тиісті хаттама мен бұйрық Министрліктің сайтында орналастырылатын болады.  

Одан басқа, Министрліктің ресми интернет-ресурсында, сонымен қатар  Facebook әлеуметтік желісінде Жұмыс тобы  атынан Министрліктің Экология және табиғи ресурстар мәселесі бойынша Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы конкурсқа хабарландыру жарияланады. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1034054?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version