Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданының Топқайың ауылындағы бірнеше жылға созылған су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын өзі тексеріп, бірнеше рет шегерілген жобаны осы жылы аяқтауды тапсырды.
Басты мердігер — «QazConstructions» компаниясы бүгінгі күнге дейін келесі жұмыстарды орындады. Атап айтсақ, 14 шақырым су құбыры желісі тартылды, құдықтар орнатылып, құбырлар үйлердің шекарасына дейін жеткізілді, екі резервуар мен су айдау стансасы салынды.
Жұмыстарды жеделдету үшін қосалқы мердігер — ірі құрылыс компаниясы тартылды.
«Өңір тұрғындарын алаңдатқан әрбір мәселе біздің бақылауымызда. Топқайың ауылындағы жобаның негізгі мердігері өз міндетіне салғырт қарап, келісімшарт талаптарын орындамады. Қазір жұмысқа жаңа мердігер ұйым кірісті. Алайда барлық жауапкершілікті тек компанияға ысырып қоюға болмайды — аудан басшылығы да өз деңгейінде жауап беруі тиіс», — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімі Катонқарағай ауданының әкіміне мердігермен бірлесіп мәселені шешіп, барлық жұмысты 1 қарашаға дейін аяқтауды тапсырды.
«Егер бұл талап орындалмаса — тиісті шаралар қабылданатын болады», — деп ескертті облыс әкімі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1033761?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау