Қорғалжын аудандық аймақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 13 шілдесінде өткен Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Кеңбидайық, Майшұқыр, Сабынды ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
2025 жылы 13 шілдеде Қорғалжын ауданының Кеңбидайық, Майшұқыр және Сабынды ауылдық округтері әкімдерін сайлауы үш округ бойынша өтті.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9 ) тармақшасына, 44 – 2- тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қорғалжын ауданының Кеңбидайық, Майшұқыр және Сабынды ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Кеңбидайық сайлау округі
Кеңбидайық ауылдық округі әкімінің сайлауы үшін:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 196 азамат кіреді, оның 124 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 4, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 2.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Алиев Адильхан Серикулы – 3, Егинбаева Жанар Канатбековна – 3, Шекенов Жандос Баяндыұлы – 112.
- Кеңбидайық ауылдық округінің сайланған әкімі – Шекенов Жандос Баяндыұлы, 1989 жылы туған, Қорғалжын ауданы әкімі аппараты мемлекеттік -құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, Қорғалжын ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Майшұқыр сайлау округі
Майшұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауы үшін:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 120 азамат кіреді, оның 81 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 1 , «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 0 .
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Жаманбаев Әли Маратұлы – 0; Смагулов Ағыбай Советұлы – 75; Шермұхан Әлімжан Мұхитұлы – 2 .
- Майшұқыр ауылдық округінің сайланған әкімі – Смагулов Агыбай Советович 1970 жылы туған, ”Майшұқыр ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ бас маманы, Майшұқыр ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Сабынды сайлау округі
Сабынды ауылдық округі әкімінің сайлауы үшін:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 774 азамат кіреді, оның 403 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 14, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 13.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Хамитжанов Мұрат Бактыбайұлы – 297; Дюсембаев Меирман Кабылдаулы – 34; Текенов Уалихан Қанатұлы – 45.
- Сабынды ауылдық округінің сайланған әкімі – Хамитжанов Мурат Бақтыбайұлы, 1984 жылы туған, ”Сабынды ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ әкімі, Сабынды ауылында тұрады. AMANAT партиясымен ұсынған.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1034283?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау