Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 5 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің 5 мың басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды. Маңызды кешенге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысты. Мал сою бекетінің құрылыс жұмыстары жобалау сметалық құжатқа сай 100% – ға толық орындалған.
Жоба құны 8 500 млн. теңгені құрайды. Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңделеді деп жоспарлануда. Өндірістік кооператив 13 гектар аумақта орналасқан. Жаңадан 100 жұмыс орны құрылды. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар және арнайы құрылғылар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен алынған. Қажетті сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізіледі.
Аймақ басшысы ірі қара мал сою алаңына барып, ондағы ет пен қанды өңдеу цехының жұмыс жүйесімен танысты. Жауапты мамандарға жоба аясында сапалы жұмыс жүргізу, экспортты ұлғайту керектігін ескертті.
Кәсіпорын жоғары техникалық құралдармен жабдықталған, малдан алынатын өнімдерді неғұрлым толық пайдаға асыру мақсатында мал бордақылау кешенінде ірі қараға автоматтандырылған жем беру жүйесі ендірілген. Кәсіпорында қанды жинауға арналған арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғалар қолданылады. Яғни, қанды өңдеп, кәдеге жаратып, арнайы өнімдер шығарады. Сонымен бірге малдың сүйегі де өңделеді. Қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Ет комбинаты халықаралық талапқа сай және экспортқа негізделген.
Одан кейін облыс басшысы Сайрам ауданына қарасты Манкент елді мекеніндегі «NURYM GROUP» ЖШС тарапынан салынған құрама жем өңдеу зауытының жұмысын қадағалады. Аралау барысында зауыттың басшысы Сырым Ертаев аймақ басшысына шикізат сынамасын зерттеуге арналған лабараторияның жұмыс жүйесімен таныстырды. Арнайы инновациялық технологияны қолдану арқылы бой көтерген нысанның құрылысы толық бақыланды.
Өңдеу зауытының жобалық құны 2 231,0 млн. теңгені құрады. Жоба аясында мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған. Нысан сағатына 20 тонна жем өңдеуге қауқарлы. Құрама жем қоспасы арқылы мұнда малазықтық өнімдер өңделеді. Жалпы 7,25 гектар аумақты құрайтын алаң жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен салынған.
Айта кетейік, осыған дейін Түркия мемлекетімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде зауытқа арнайы қондырғылар жеткізілген-ді. Нысан биыл толық іске қосылып, тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУЩЕН СОВРЕМЕННЫЙ ОТКОРМОЧНЫЙ КОМПЛЕКС И МЯСОКОМБИНАТ НА 5000 ГОЛОВ
В селе Аксукент Сайрамского района запущена крупная откормочная площадка ТОО “KAZ ECO MEAT” на пять тысяч голов скота. В церемонии открытия объекта принял участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров.
Стоимость проекта – 8 500 млн тенге. Планируется, что здесь будут перерабатывать 5000 голов крупного рогатого скота и 10 000 тонн мяса в год. Производственный кооператив расположен на 13 га. Будет создано 100 рабочих мест. Оборудование и специальные устройства, необходимые для производства, привезли из Беларуси, Китая и Турции. Необходимый скот доставляется из местных фермерских хозяйств и северных регионов.
Глава региона посетил убойную площадку КРС и пункт убоя МРС, ознакомился с системой работы цеха по переработке мяса и крови, поручил увеличить экспорт продукции.
Предприятие оснащено высокотехнологичным оборудованием, в целях более полной реализации продукции животноводства на откормочном комплексе будет запущена автоматизированная система кормления скота. На предприятии используются специальные установки для сбора крови. Кровь будут обрабатывать, утилизовать, выпускать из нее специальные продукты. При этом будут обрабатывать и кости животных по принципу безотходного производства. Мясокомбинат соответствует международным требованиям и основан на экспорте продукции.
Затем аким области посетил комбикормоперерабатывающий завод ТОО “NURYM GROUP” в населенном пункте Манкент. Руководитель завода Сырым Ертаев ознакомил главу региона с системой работы лаборатории для исследования проб сырья. Работа предприятия полностью контролируется инновационными технологиями.
Проектная стоимость перерабатывающего завода – 2 231,0 млн тенге. В рамках проекта трудоустроены 12 человек. Объект способен перерабатывать 20 тонн кормов в час. Предприятие на 7,25 гектара построено за счет средств индивидуального предпринимателя.
Отметим, ранее в результате переговоров с Турцией на завод были поставлены специальные установки. Объект полностью запущен в этом году, ведется постоянная работа.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1033844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version