Жетісулық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 шілде, Витебск. Жетісу өңірінен шыққан әнші Алмагүл Батталиева Беларусь елінде өткен эстрадалық ән орындаушыларға арналған «Витебск-2025» халықаралық байқауында Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл байқау аясында «Славян базары» өнер фестивалі ұйымдастырылған болатын.

Нәтижелер жарияланған сәтте БЕЛТА тілшісіне сұхбат берген Алмагүл өзінің қуанышын жасыра алмады:

«Мен әлі де жеңгеніме сене алар емеспін. Бұл қуанышымды сөзбен жеткізу қиын. Осы мүсіншені Қазақстанға алып қайту бақыты бұйырғанына шексіз ризамын. Бұл жетістікке жету үшін сегіз жыл еңбектендім – бірнеше рет ұлттық іріктеулерге қатыстым, бәсеке өте жоғары болды. Қазақ халқының бойында әншілік қабілет бар, сондықтан бұл байқауға қатысқан әрбір отандасымыз жеңіссіз қайтқан емес. Бұл – үлкен мәртебе», – деді әнші.

Алмагүл Батталиева «Славян базарының» жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және көрермендердің ерекше қолдауын атап өтті:

«Беларуське алғаш келгенімде, адамдардың жылулығына таңғалдым – жүздерінен күн шуағы төгіліп тұрғандай әсер қалдырды. Беларусь көрермендері – әлемдегі ең жылы қарсы алатын аудиторияның бірі. Залдар лық толы, көрермендер орындарынан тұрып қол соғып, қошемет көрсетті. Бұл – шын мәнінде керемет. Бұл байқаудың ауқымы да ерекше үлкен», – деді ол.

Алмагүл Батталиева «Славян базарында» ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан мәдениеті мен өнерінің биік деңгейде екенін тағы бір дәлелдеді. Бұл – тек оның емес, тұтас қазақ өнерінің жеңісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1033912?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version