Аппараттық кеңес: ұлттық тәрбие мен сапалы білім күн тәртібінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында білім беру саласына қатысты маңызды мәселелер қаралды:

1️⃣ Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу бойынша — бас маман Даурен Джубанышев баяндама жасады.
2️⃣ «Адал азамат» біртұтас ұлттық тәрбие бағдарламасы аясындағы жұмыстар туралы — облыстық әдістемелік орталықтың директоры Гүлмира Кубашева ақпарат берді.
3️⃣ Облыста өтетін «Әкелер форумы» туралы — «Қазақстанның әкелері» РҚБ БҚО бойынша құрылтайшысы Серік Ихсанов баяндады.
4️⃣ Білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері бойынша — бас маман Аяжан Сырымова баяндама жасады.

🔹 Кеңес аясында «Отбасын қолдау орталығы», «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстанның әкелері» РҚБ сынды ұйымдармен бірлесіп, білім беру ұйымдарындағы ұлттық тәрбие жұмыстарының жаңа кезеңі жоспарланды.

🎯 Мақсат – ұрпақ тәрбиесіне қоғамның барлық буынын жұмылдыра отырып, сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1034578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version