АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ЖҰМЫС САПАСЫ БАСТЫ  НАЗАРДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев  бірқатар  құрылыс нысандарын аралады. Алдымен Дербісек ауылдық округінде орналасқан  №76 жалпы білім беретін мектебіне барып,  жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасына жіті назар аударды. Мердігер мекемеге мерзімінде аяқтау қажет екенін ескертті. Ауданның білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Адеевке жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

 

№76 жалпы білім беретін мектебіне  арнайы барды. Мектепте «реновация» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған. Бүгінде ішкі әрлеу-сырлау  жұмыстары жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, аудан басшысы Дербісек ауылдық округіне  қарасты ішкі көшелерге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы  аясында  орташа  жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес мерзімінде, сапалы аяқтауды тапсырды. Ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Тұрсынбаевқа жұмыс барысына бақылауды күшейтуді жүктеді.

 

Айта кетсек, аталған ауылдық округке қарасты Дербісек елді мекенінің  көшелеріне  республикалық бюджеттен қаржы қаралып, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары Сәтбаев, Сейфуллин және Жандосов  көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүруде.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1034379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version