2025 жылғы 15 шілдеде қалалық мәслихаттың өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы онлайн режимде өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 шілдеде қалалық мәслихаттың өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы онлайн режимде өтті. Отырысқа мәслихат төрағасының м.а. Қанат Шапатов, Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бақтияр Топаев, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Темірлан Серікқалиұлы қатысты.
​Күн тәртібінде «Семей қаласының жағажай аумағын абаттандыру туралы» мәселе қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша комиссия:
▪ «Семей» ӘКК балансына беру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға қалалық жағажайлардың орындарын айқындау;
▪ жағажайларды абаттандыруға бюджеттік өтінім дайындау;
▪ қалалық бюджетті нақтылау кезінде тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру;
▪ мәселені қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына енгізуді ұсыну туралы қаулы қабылдады.
​Қала жағажайларын абаттандыру мәселесі – Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы қалалық орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1035090?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version