Бүгін Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов ветеринария саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар сала мамандарын Алғыс хатпен марапаттады.
Қоғам игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандарға өзінің ризашылығын білдірген Нұрбол Нұралыұлы олардың атқарып жатқан қызметінің маңыздылығына тоқталып, келешектегі жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кәсіби міндетін адал атқарып жүрген мамандарға жасалған бұл құрмет – қоғамның шынайы алғысы мен ықыласының жарқын көрінісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1035260?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау