Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдар басқармалары басшыларының қатысуымен Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн тәртібінде деструктивті интернет-контенттің теріс әсерінен жастарды қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, 2025 жылға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарында көзделген нысаналы индикаторларды іске асырудың аралық нәтижелері мен одан әрі шаралары, сондай-ақ қалалар мен аудандардың терроризмге қарсы комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, бар проблемалар және оны одан әрі жетілдіру жолдары туралы мәселелер талқыланды.

Өткізілген іс-шаралар бойынша мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1036408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version