Ақтауда жұмысшы жастар арасында шағын футболдан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 шілде күні Ақтауда «Жұмысшы мамандықтар жылы – жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» жобасы аясында жастар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Аталған жоба Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен жүзеге асуда. Басты мақсат – өңір жастары арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, жұмысшы жастарға арналған мәдени-спорттық және қоғамдық шараларды ұйымдастыру арқылы олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру.

Футбол турниріне барлығы 12 команда қатысты. Нәтижесінде, «Oil services company» ЖШС мекемесі 1-орынға, «Маңғыстаумұнагаз» АҚ мекемесі 2-орынға, «МАЭК» ЖШС мекемесі 3-орынға ие болды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1036466?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version