Көлік саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда көліктің барлық түрімен 928 миллион жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артық.

Автомобиль және қалаішілік тасымал түрлері кезекті рет тұрақты түрде ең көп сұранысқа ие. 2025 жылы автобустар, таксилер, маршруткалар мен троллейбустар арқылы 911,1 миллион жолаушы тасымалданған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға көп.

Әуе көлігімен 7,2 миллион жолаушы ұшқан — бұл 6,1% өсімді құрайды.

Теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы қатынаған.

Жүк тасымалдау көлемі де шамамен 11%-ға өсті. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 550,8 миллион тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,9%-ға артық.
Негізінен астық, көмір, түсті және қара металлдар, құрылыс материалдары, мұнай өнімдері және басқа да жүктің түрлері тасымалданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1036043?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version