МҚІА өкілдері Қытай Компартиясы Орталық комитетінің Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма өкілдерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жұмысын жалғастыруда.

Агенттік өкілдері Қытай Халық Республикасынан келген делегацияның Қазақстанға сапары аясында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Ұйымдық бөлімінің Мемлекеттік қызмет жөніндегі бірінші басқармасының директоры Чэнь Лунфамен кездесті.

Кездесуде мемлекеттік қызметке іріктеу және оны өткеру саласындағы тәжірибе мен негізгі жетістіктер туралы айтылып, HR үдерістерді автоматтандыру үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.

Қытайлық делегаттар Қазақстанның заманауи, сервистік және клиентке бағытталған мемлекеттік аппарат құру жолындағы прогрессивті қадамдарына қызығушылық білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1036455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version