«Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдары» тақырыбында сұхбат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17.07.2025 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында 107.2 толқынындағы Жетісу радиосының тікелей эфирінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Салтаев Б.С. Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімімен 2025 жылдың жартыжылдығында облыс аумағында бөтен тауар таңбасын заңсыз рұқсатсыз қолдану бойынша контрафакт жалған өнімдерге қарсы тексеру шаралары және мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдары тақырыбында сұхбат берді.

МҚҰБ -ның негізгі функциялары

  1. Авторлық және сабақтас құқық объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақы жинау;
    2. Жиналған сыйақыны құқық иелеріне бөлу және төлеу;
    3. Құқық иелері мен шығармалар туралы реестрлерді қалыптастыру және жүргізу;
    4. Аккредитация болған жағдайда келісімшартсыз құқық иелерінің мүддесін білдіру;
    5. Интернет-ресурстар мен БАҚ арқылы ақпарат беру;
    6. Шетелдік ұйымдармен өкілдік келісімшарттар жасау.

  Қаржылық көрсеткіштер

Статистикаға сәйкес, МҚҰБ жыл сайын 1 миллиард теңгеден астам авторлық сыйақы жинайды. Заң бойынша әкімшілік шығындар жалпы жиналған сыйақының 30%-нан аспауы тиіс.

  МҚҰБ міндеттері

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір МҚҰБ:
– Авторларға жиналған, бөлінген және төленген сома туралы есеп беруге;
– Қазақстандық авторларға кемінде тоқсан сайын және шетелдік құқық иелеріне жылына бір рет төлем жүргізуге;
– Өз қызметі туралы ақпаратты ресми сайтта және БАҚ-та жариялауға;
– Жиналыс өткізу және әділет органдарына хабарлау;
– Жыл сайын есептілік пен қаржылық құжаттарды тапсыруға міндетті.

 МҚҰБ аккредитациясы

Аккредитация – бұл ұйымның құқықтарды ұжымдық басқару өкілеттігін растайтын ерікті рәсім. Ол Әділет министрлігімен 5 жыл мерзімге беріледі. Аккредитация алған ҰБҰМ келісімшартсыз барлық құқық иелерінің мүдделерін білдіруге құқылы.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 15 МҚҰБ бар, оның ішінде 7-еуі аккредиттелген.

  Авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелері

Жеке басқару мүмкін болмаған жағдайларда (мысалы, қоғамдық орындау немесе эфир арқылы тарату), 2023 жылғы 22 маусымдағы №400 және №401 бұйрықтарымен бекітілген ең төменгі мөлшерлемелер қолданылады. МҚҰБ бұл мөлшерлемеден төмен келісімшарт жасай алмайды.

  Бақылау және қадағалау

Әділет министрлігі МҚҰБ қызметін келесі жолдармен бақылайды:
– Жыл сайын есеп қабылдау;
– Авторлар мен пайдаланушылардың шағымдары бойынша тексерулер жүргізу;
– Сыйақының дұрыс бөлінуін және пайдаланылуын бақылау.

  Қорытынды

Ұжымдық басқару ұйымдары авторлардың құқықтарын қорғау мен әділ сыйақы алуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қолдау және құқық иелерінің өзара әрекеттестігі арқылы Қазақстандағы МҚҰБ жүйесі мәдени және шығармашылық экономиканы дамытуда маңызды құрал бола алады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1036128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version