Атырау қаласында «Каспий Құбыр Консорциумы-Қазақстан» АҚ (КҚК-К) өндірістік объектілерінде апаттық жағдайларды, мұнайдың төгілуін, өрттерді және басқа да төтенше жағдайларды жою бойынша ірі көлемдегі өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде объекті қызметкерлері мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдарын пысықтау, жедел әрекет ету қабілеттерін арттыру және түрлі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру болды.
Оқу-жаттығуға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері және 9 арнайы техника бірлігі қатысты. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға кәсіпорынның кезекші қызметтері, жедел әрекет ету топтары және объектінің ерікті өрт сөндіру жасағы белсене қатысты.
Практикалық кезеңде шартты мұнай төгілуі мен өртті сөндіру, персоналды эвакуациялау, күштер мен құралдарды жедел орналастыру, сондай-ақ түрлі қызметтердің үйлесімді әрекеттері пысықталды.
Оқу-жаттығу нәтижесінде барлық қойылған міндеттер толықтай орындалды. ТЖД қызметкерлері, объект персоналы және мамандандырылған топтар өзара іс-қимылда жоғары кәсіби дайындықтарын, шұғыл шешім қабылдау және төтенше жағдайға тиімді әрекет ету қабілеттерін көрсетті. Бұл оқу-жаттығу апат жағдайында қызметтердің бірлесе тиімді әрекет ете алатынын дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1036050?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау