Палата спикері Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс делегациясы Осакаров ауданына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           Мәжіліс депутаттары өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.

Осакаров ауданында Мәжіліс төрағасы мен депутаттарға тағы бір инвестициялық жоба – қуаттылығы 150 МВт болатын жел электр стансасының құрылысы таныстырылды. Бүгінде мұнда жоспарланған 21 жел қондырғысының 9-ы іске қосылып, энергия өндіруде. Жоба аясында ауылдан 20 жаңа жұмыс орны ашылған.

       Делегация сондай-ақ «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығына барды. Осы жерде Мәжіліс депутаттары Осакаров ауданының жұртшылығы өкілдерімен кездесті. Әңгіме барысында жергілікті өндірісті дамыту перспективалары талқыланды. Ерлан Қошанов аудандық мәслихат депутаттарын заң шығару жұмысына белсендірек қатысуға шақырды. Өз ұсыныстарын    Қоғамдық палата арқылы енгізіп, сондай-ақ Мәжіліс сайтындағы арнаулы модульдің мүмкіндіктерін пайдалануға кеңес берді.

          Азаматтардың, кәсіпкерлердің және аудан басшылығының өтініштері мен ұсыныстары Мәжіліс депутаттары тарапынан жаңа парламенттік сессия басталған кезде талқылауға шығарылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-osakarovka/press/news/details/1036046?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version