Түркістан қаласында Мансап орталығының ұйымдастыруымен және Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, пробация есебінде тұрған жастар мен борышкерлерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – әлеуметтік осал топтағы азаматтарды еңбекке тарту, оларды қоғамға бейімдеу және тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ету.
Жәрмеңкеге түрлі мекемелер мен жұмыс беруші кәсіпорындар қатысып, қатысушыларды бос жұмыс орындарымен таныстырып, жұмысқа орналасу тәртібі бойынша кеңес берді.
Мұндай шаралар әлеуметтік бейімделуді күшейтіп қана қоймай, жастардың өмірге деген сенімін арттырып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1036452?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау