Сібір жарасы — ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Адамда жиі кездесетін түрі — терілік форма: бастапқыда қышу мен қызару байқалады, кейін жараға айналып, улану белгілерімен жүреді.
Жұғу жолдары:
ауру малдың етімен, терісімен, жүнімен байланыс
жұқтырылған шаңды тыныс арқылы жұту
термиялық өңдеуден өтпеген етті тұтыну
Алдын алу шаралары:
малмен жұмыс істегенде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау
жануар өнімдеріне ветеринариялық бақылау жүргізу
кәсіби қауіпі жоғары адамдарға вакцина егу
күмәнді жағдайда 5 тәулік ішінде шұғыл алдын алу (антибиотикпен емдеу)
Алғашқы белгілер байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгініңіз!
Денсаулығыңызды сақтаңыз — алдын алу ережелерін ұстаныңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1036485?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version