ТҮРКІСТАН: АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
✔️Түркістан облысында 2025 жылға аса қауіпті аурулардың профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, 10 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Биылғы 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 млн. доза вакцина егіліп, жоспар 83%-ға орындалды. Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте осы саладағы мәселелер, аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
📌– Дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді деп баяндап отырсыздар. Бірақ арнайы комисияның тексеруі барысында бірнеше аудандағы қораларда механикалық тазалық жұмыстары жүргізілмегені анықталған. Бұл бойынша тиісті залалсыздандыру жұмыстарын күшейту керек. Кемшіліктерге жол берген салаға жауапты бірінші басшылардың тәртіптік жауапкершілігі қаралсын. Облыс көлемінде эпизоотиялық және энзоотияға қарсы ветеринариялық шараларды сапалы әрі мерзімінде жүргізуді, үй жануарларының арасында аса қауіпті аурулардың алдын-алу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Мәжілісте Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков пен Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың есептері тыңдалды.
✔️Өңірде ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру мақсатында үй жануарларын есепке алу жұмыстары жүргізіліп, 36 981 үй жануары дерекқор базасына енгізілді. Биыл облыстық бюджеттен 4,5 млн. теңге қаржы қаралып, 309 сібір жарасы ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Алты айда бруцеллез ауруына қарсы 436,6 мың бас ірі қара мал, 2 058,7 мың бас ұсақ мал тексеріліп, жоспар 100 % орындалды.
✔️Облыс әкімі жауаптыларға эпизоотиялық және энзоотияға қарсы ветеринариялық шараларды жандандырып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, Сібір жарасы, құтыру ауруларына күресті күшейту жөнінде тапсырма берді. Жауапты мамандардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, бұл мәселелер қатаң бақылауға алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__
ТУРКЕСТАН: УСИЛИЛИ РАБОТУ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ОСОБО ОПАСНЫХ ИНФЕКЦИЙ
✔️В Туркестанской области, в рамках утвержденного плана профилактических и диагностических мероприятий по особо опасным заболеваниям на 2025 год, проводятся мероприятия по противодействию 10-ти различным особо опасным заболеваниям. За шесть месяцев этого года скот и домашние животные получили 9,9 млн доз вакцин, план выполнен на 83%. На совещании в областном акимате обсудили работу по профилактике особо опасных инфекций. Глава региона Нуралхан Кушеров дал конкретные поручения.
📌- Вы доложили, что проведена дезинсекционная работа. Но в ходе проверки спецкомиссии установлено, что в сараях в нескольких районах не проводилась механическая уборка. По этому поводу необходимо усилить дезинфекционные работы. Рассмотреть дисциплинарную ответственность первых руководителей, ответственных за допущенные недостатки. Поручаю качественно и в срок провести эпизоотические и противоэпизоотические ветеринарные мероприятия, принять меры для профилактики особо опасных заболеваний среди домашних животных,- сказал Нуралхан Кушеров.
✔️На заседании были заслушаны отчеты руководителя областного управления ветеринарии Ербулана Жанибекова и руководителя департамента санитарно-эпидемиологического контроля Нурбека Нышанова.
✔️В регионе, в целях реализации Закона «Об ответственном обращении с животными», проведена работа по учету домашних животных, в базу данных занесено 36 981 домашнее животное. В этом году из областного бюджета было выделено 4,5 млн тенге на дезинфекцию 309 очагов сибирской язвы. За шесть месяцев на бруцеллез обследовано 436,6 тыс. голов крупного рогатого скота, 2 058,7 тыс. голов мелкого рогатого скота, план выполнен на 100%.
✔️Аким области поручил усилить противоэпизоотические и энзоотические ветеринарные мероприятия и усилить борьбу с конго-крымской геморрагической лихорадкой, сибирской язвой, бешенством. Заслушаны рекомендации специалистов, эти вопросы взяты на строгий контроль.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1036141?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау