Уақытша ұстау изоляторларында дайын тағамды жылытуға арналған бөлмелер жабдықталған (күніне 3 рет жеткізіледі), ыдыс-аяқ, фельдшер кабинеті бар, ұстаудың ең төменгі шарттары жасалған. Ұсталған азаматтармен әңгімелесу өткізілді.
Тайынша ауданының полиция бөлімі УҰИ-ның бару қорытындысы бойынша үй-жайлардағы санитарлық жағдайды, ыстық тамақты жеткізу бойынша жасалған шарттарды орындау шеңберінде тамақтың сапасын бақылауды қамтамасыз ету, кереуеттердің өтпелі металл жабындарын ауыстыру бойынша ұсынымдар енгізілді.
Сапар ҰАТ қатысушыларымен бірлесіп жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1036435?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау