«Ордабасы газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қажымұқан ауылының тұрғындарына газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты –газ жабдықтарын қауіпсіз қолдану мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар газбен жабдықтау жүйелерінің техникалық тұрғыдан жарамды болуын қамтамасыз ету қажеттігін түсіндіру.
Түсіндіру барысында мамандар тұрғындарға газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, апатты жағдайлардың алдын алу тәсілдері және газ жүйелерін уақтылы техникалық тексеруден өткізу бойынша кеңес берді.
Айта кетейік, «Ордабасы газ инспекциясы» бөлімі 2025 жылғы 2 маусымнан бастап өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда мекеме құрамында 14 қызметкер бар, оның ішінде 6 инспектор аудан аумағындағы газбен қамтылған елді мекендерді аралап, тұрғындарға түсіндіру және бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1037142?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау