АУДАНДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.
Іс-шарада сөз алған Қайрат Әбілханұлы байқаудың отбасылық құндылықтарды дәріптеп, бірлігі мен берекесі жарасқан шаңырақтарды көпшілікке үлгі ету мақсатында ұйымдастырылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, ауданымызда ана мен баланы қорғау, көпбалалы отбасыларды қолдау және тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын жеткізді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орынды Айымбековтар (Көгершін ауылдық округі) және Бекназаровтар (Абай ауылдық округі) отбасы иеленді. Екінші орын Көкжаловтар (Луговой ауылдық округі) шаңырағына бұйырды.
Бірінші орынды Көкдөнен ауылдық округінен Омаровтар әулеті жеңіп алды.
Байқауда топ жарған отбасылар – ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Олардың арасында бүгінгі зейнеркер электрик, техникалық қызметкер және құрылыс мастері отбасыларымен қатар, ҚР суретшілер одағының мүшесі, Желтоқсан оқиғасына қатысқан отағалы отбасылары да бар.
Биыл конкурсқа округтерден барлығы 8 өтінім түсіп, 4 отбасы жеңімпаз атанды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1037185?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау