азық-түлік өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл шаруашылығы басқармасы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) азық-түлік өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды қаржыландыру бағдарламасының басталғанын хабарлайды. Бағдарлама отандық өндірушілерді қолдауға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған.

2025 жылға арналған жалпы қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы бойынша шамамен 44 млрд теңгені құрайды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін кәсіпорындарға жеңілдетілген шарттармен несие қаражатын беру арқылы қолдау көрсету.

Қаржыландыру шарттары:

  1. Қаржыландыру сомасы – бағытқа байланысты 3 млрд теңгеге дейін.
  2. Қарыз мерзімі2026 жылғы 10 наурызға дейін.
  3. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ жылдық 5% бастап).
  4. Кепілдік қамтамасыз етуАНК-ның кепіл саясаты талаптарына сәйкес мүлік.

Бағдарламаға негізгі қызмет түрі азық-түлік өнімдерін өндіру және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу болып табылатын кәсіпорындар қатыса алады, атап айтқанда етті қайта өңдеу, сүтті қайта өңдеу, майлы дақылдарды қайта өңдеу, жүнді қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру, жарма өнімдерін шығару, макарон және кондитерлік өнімдер өндіру.

Жобаларға қойылатын талаптардың бірішикізатты тек отандық өндірушілерден сатып алу.

Қаржыландыру бойынша кеңес алу және өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын жердегі өңірлік филиалына жүгіну қажет.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 1 жоба қаржыландырылып, 350 млн теңге бөлінді. Екінші деңгейлі банктер арқылы 2 жоба қаржыландырылып, жалпы сомасы 700 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 2,25 млрд теңгені құрайтын 6 жоба мақұлданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1036857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version