МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында «Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында кеңес өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, қызмет барысындағы жауапкершілікті арттыру және әдеп кодексінің талаптарын насихаттау болды.

Жиынға басқарма басшысының міндетін атқарушы Мәдиева Сара Қабылбекқызының жетекшілігімен басқарма құрылымындағы мемлекеттік қызметшілер толық қатысты.

Кеңес барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Тамаев Жарқын Маратханұлы арнайы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Ол мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы рөлі, әдебі мен мінез-құлқы, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру жолдары туралы кеңінен тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыру мен қызмет барысында әдеп қағидаларын берік ұстану қажеттігін тағы бір мәрте айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1036775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version