«Нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайту, тұзсыз нан шығару» бойынша семинар өтті
2025 жылдың 17 шілдесінде Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нан мен нан-тоқаш өнімдерін шығаратын кәсіпкерлер арасында «Нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайту, тұзсыз нан шығару» туралы семинар өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №950 қаулысымен бекітілген «2025–2026 жылдарға арналған дұрыс тамақтануға жәрдемдесу іс-шараларын іске асыру жөніндегі» жол картасына сәйкес нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайту, тұзсыз нан шығару бойынша баяндама жасалып, халықтың күнделікті тұтыну өнімі ретінде 100 г-ға орта есеппен 0,9-1,2 г тұзы бар нан және нан өнімдері басым өнім ретінде анықталғандығы туралы айтылды.
Сонымен қатар, нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайту, тұзсыз нан шығару мақсатында әкімдіктер мен өндірушілер арасында келісім жасау мәселесі пысықталды.
Семинар әсерлі өтті, тыңдаушылар барлық сұрақтарына толық жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1036826?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау