Қарағанды облысы СЭБД тұрғындардың тұз және қантты тұтынуын азайту және гипертония, инсульт және басқа да жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты жұқпалы емес аурулардың алдын алу шараларын жүзеге асыру мақсатында «Нан-тоқаш өнімдеріндегі тұз бен қанттың мөлшерін азайту: өндірістен тұтынушыға дейін» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Іс-шара Zoom онлайн-платформасында нан және нан өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің, осы өнімдерді өткізетін қоғамдық тамақтандыру нысандарының басшыларының, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің қатысуымен өтті.
Онлайн семинарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес негізгі азық-түлік өнімдерінің бірі ретінде нан және нан өнімдерінің құрамындағы тұз бен қантты азайту қажеттілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Облыс тұрғындары арасында тұзды тұтынудың нақты деңгейі және одан асып кеткен жағдайда денсаулыққа ықтимал қауіптер туралы тәүекелдерді бағалау мониторингі және талдау бөлімінің талдамалық мәліметтері ұсынылды.
Қатысушылар қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды. Салауатты салмақ жоғалту және азайту мәдениетін қалыптастыруда бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1036781?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау