Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастардың (білім алмайтын, жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың) үлесін азайтуға бағытталған кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында орталық мамандары Көксу ауылдық округіндегі NEET санатына жататын жастардың тұрғылықты мекенжайларына барып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жастарға арналған кәсіптік оқыту жобалары, жұмыспен қамту мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды қолдау құралдары туралы кең көлемде ақпарат берді.
Мақсат – жастарды қоғам өміріне белсенді араластыру, кәсіби бағыт-бағдар беру және жұмыссыздық деңгейін төмендету. Сонымен қатар, жастарға арналған «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Бастау Бизнес», «Жасыл ел» сияқты мемлекеттік бағдарламалар туралы нақты түсініктемелер ұсынылды.
Шара барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жеке кеңес беру жұмыстары да ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ауданның өзге де ауылдық округтерінде жалғасын табады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1036789?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау