Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іссапарымен барып, Шайхана елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.
– Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басты назарда,- деді аудан әкімі.
Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары «STANDARD SAMPLE » тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда, ғимаратқа ішкі әрлеу және есік-терезе орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1037219?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау