Теміржол көлігіндегі мекемелерінің қызметкерлерінің арасында семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен,   2025 жылдың  Медиа-жоспарының 24 тармағына сәйкес,    «Вирустық гепатит. Нені білу маңызды?»  тақырыбында  Шалқар ст. теміржол көлігіндегі мекемелерінің қызметкерлерінің  қатысуымен     онлайн  форматта WhatsApp  арқылы  семинар ұйымдастырылып өткізілді.

            Онлайн семинар мақсаты: вирустық гепатиттің алдын алу, негізгі берілу жолдары  жөнінде түсіндірілді.

Вирустық гепатит А – вирус көзі науқас адам болып табылатын, жіті инфекциялық ауру. Гепатиттің қоздырғышы – вирустардың  ішек тобына  жататын вирус. Вирус бауырды зақымдайды, вирус бөлшектері асқазан-ішек жолдарының сілемейлі қабығы арқылы сіңіріледі және қан айналымының жалпы жүйесіне түседі. Инкубациялық кезеңі: 14-35 күн. Ауру белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, жүректің айнуы, құсу, катаралдық құбылыс, тамақтың қызаруы, зәрдің қараюы және сыра түстес болуы, нәжістің ағаруы.

Жұқтыру жолдары: шаруашылық – нәжіс ағындарымен ластанған суды пайдалану және су айдындарында шомылу кезінде, вируспен ластанған тамақ өнімдерін (жемістер, көкөністер, жидектер, аскөк)  тұтыну кезінде, гигиена қағидаларын сақтамаған, инфекция қоздырғышымен  ластанған заттарды пайдаланған кезде.

           Алдын алу шаралары:

-тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда қолды мұқият жуу;

-қайнатылмаған суды, ашық су қоймаларынан су ішпеу және сол сумен жемістер мен көкөністерді жумау;

-адамдар болатын үй – жайларда тазалықты сақтау: үйде, жұмыста және т.б.;

-вакцинация: 2 жастағы балалар, ошақтардағы байланыс тұлғалары, 14 жасқа дейінгі балалар, ремиссия кезеңінде созылмалы В және С гепатиттермен ауыратын науқастар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1037128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version