Тұран ауданында қауіпсіздік рейдтері ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шомылу маусымы мен жазғы демалыс кезеңінде судағы және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту мақсатында Тұран ауданының жергілікті әкімдігінің бастамасымен бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аталған шара Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және Тұран ауданы санитарлық-эпидемиология бақылау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Рейд барысында аудан аумағында орналасқан “ALPEN park”, “FANTAN” және “Акварай” демалыс орындары қамтылды. Шараның негізгі мақсаты – халық арасында судағы және өрт қауіпсіздігі ережелерін кеңінен түсіндіру, жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Қызметкерлер демалушыларға «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Өрт қауіпсіздігі талаптары» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар демалыс аймақтарының басшыларына қауіпсіздік талаптары мен ережелері көрсетілген арнайы ұсыным хаттар табысталды.

Мамандар демалыс аймақтарында қауіпсіздік талаптарының сақталуы, құтқару құралдарының толық болуы, шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған аумақтардың нақты белгіленуі – жазатайым оқиғалардың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы демалыс аймақтарының басшылары мен тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір адамның өмірін қорғаудың кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1037190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version