Семей қаласында 36 жастағы Land Rover Range Rover маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі «Пристань» маңындағы жағажайда су бетімен жүріп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған.
Оқиға сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Полицейлер жүргізушінің жеке басын жедел анықтап, оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды.
Нәтижесінде көлік иесіне 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 51 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция жол қозғалысы ережелерін, әсіресе көпшілік демалатын орындарда сақтау — баршаның қауіпсіздігі үшін маңызды екенін ескертеді. Табиғатқа зиян келтіретін және қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер қатаң түрде тоқтатылады.
Қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаға құрмет — әр азаматтың ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1037017?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау