БӘЙДІБЕК: “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Бәйдібек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің үйлестіруімен “Заң мен тәртіп” тақырыбында аудан активімен кеңейтілген кездесу өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
 
Кездесуге Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлы, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қабдыраш Бауыржан Сағынжанұлы арнайы қатысты.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
 
Жиынды аудан әкімі Нұрмаханов Ерлан Заипұлы жүргізіп отырды. Әрі қарай күн тәртібіне сәйкес аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Оразханұлы Ақбаев ауданның қоғамдық-саяси ахуалы, құқықбұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Самат Алтынбайұлы Рысбеков аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.
 
Аудан активімен кездесу барысында экономикалық құқық бұзушылықтың алдын-алу және оларды болдырмау тақырыптары қозғалды және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары видеоматериалдар арқылы таныстырылды.
Сонымен қатар, қаржы пирамидасы, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарды ойнамауы туралы, мемлекет қаражатын жымқырудың алдын-алу бойынша департамент басшысы өз пікірін білдірді.
 
Кездесу барысында Ерболат Балғабаев және Бауыржан Қабдыраш сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, экономикалық қауіпсіздік, қаржылық тәртіп пен аудит талаптары төңірегінде ауқымды ақпараттар ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
 
Жиын соңында сөз алған ұйымдастырушылар аталған мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Аудан активі және аудан басшысы Ерлан Нұрмахановтың атынан арнайы келген қонақтарға алғыс білдірілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1037206?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version