ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 бұйрығымен Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бекітілді (бұдан әрі – Шоттар жоспары).
Осы Шоттар жоспары мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғаларды көрсету үшін ҚР Бюджет кодексінің 130-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген.
Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
Шоттар жоспары мынадай 9 бөлімді қамтиды: “Қысқа мерзімді активтер”, “Ұзақ мерзімді активтер”, “Қысқа мерзімді міндеттемелер”, “Ұзақ мерзімді міндеттемелер”, “Таза активтер/капитал”, “Кірістер”, “Шығыстар”, “Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар”, “Баланстан тыс шоттар”.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1037079?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау