Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен жеке инвесторлардың қаражаты есебінен бой көтеріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлерге инфрақұрылым тарту мәселесі бойынша жұмыс жиыны өтті.
Жиын барысында инфрақұрылым желілерін: электр, су, кәріз және жол жүйелерін жүргізу бағытындағы жоспарлар талқыланды. Бұл жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы тұрғын үйлерді пайдалануға беру мерзіміне тікелей әсер ететіндігі атап өтілді. Аудан әкімі бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, жауапты мекемелермен бірге инфрақұрылым тарту жұмыстарын жеделдетуді және құрылыс сапасына ерекше мән беруді тапсырды.
Қазіргі таңда қала аумағында жеке инвесторлар есебінен үш қабатты 7 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әрбір үйде 24 пәтерден бар. Аталған тұрғын үйлер «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында салынуда. Жоба өңірдегі тұрғын үй тапшылығын азайтып, халықтың баспанамен қамтылу көрсеткішін жақсартуға бағытталған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1037244?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау