Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2025 жылғы 23 шілде күні сағат 11:00 де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

Сессия күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы 22 шілде күні сағат 11:00-де мәслихат залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 23 шілде күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.

Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады:

  1. Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №27/115-VIII «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге-де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» №3/15-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1037281?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version