📎 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтайды!
📎 Металлургия – еліміздің индустриялық және экономикалық дамуының негізі саналатын стратегиялық маңызы бар сала. Бұл салада еңбек ету — зор кәсіби шеберлікті, табандылықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сіздердің адал еңбектеріңіздің, терең тәжірибелеріңіздің арқасында Қазақстан металлургиясы тұрақты дамып, әлемдік деңгейде танылып келеді.
📎 Осы мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
Еңбектеріңіз бағаланып, әрдайым ел игілігіне қызмет ете беріңіздер!
Мерекемен құттықтаймыз!
📎 Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1037346?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау