БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы
18 шілдеде өткен отырысында мемлекет активтерін пайдаланудың, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен орындаудың, сондай-ақ Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің экономиканы, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларын дамыту ықпалына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Аудитпен 9 аудит объектісі қамтылды, 2022 жылдан бастап 2024 жыл аралығындағы кезең бойынша тексерілген қаражат пен активтердің жалпы сомасы 15 млрд. теңгеден астам соманы құрады.

Облыстың 2021–2025 жылдарға арналған Даму жоспарын іске асыруды талдау барысында 2022-2024 жылдар кезеңінде жекелеген нысаналық индикаторларға: 2022 жылы  30 көрсеткіштің 7-іне (23,3%), 2023 жылы —
30 көрсеткіштің 5-іне (16,7%), 2024 жылы 7 көрсеткіштің 3-іне (42,9%) қол жеткізілмегені анықталды.

Негізгі проблемалардың қатарына мекемелер мен кәсіпорындардағы білікті кадрлардың жетіспеушілігі, кенттің су бұру жүйесін сапалы пайдалану бойынша бақылаудың жоқтығы және тиісті шаралардың қабылданбауы, аудан ауылдарында жаңадан пайдалануға берілген сумен жабдықтау объектілерін тиімсіз пайдалану, Қ.Қайсенов кентінің сарқынды суларды тазарту жүйесінің қанағаттанарлықсыз күйі, аудит объектілерінің лауазымды адамдарының өздеріне сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы жатқызылды.

Негізгі қаржылық бұзушылықтар: орындалмаған жұмыстар бойынша актілерді негізсіз қабылдау, еңбекақыны артық төлеу, шарттық міндеттемелер бойынша қызметтердің көрсетілмеуі және бухгалтерлік есепке алуды жүргізудегі бұзушылықтар болып табылады.

Әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар материалдар әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы өз бетінше 5 материалды қарап, олар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 234-1-бабы бойынша айыппұлдар салды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне ұсынымдар беріліп, бұзушылықтарды жоюға және ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған нұсқамалар шығарылды.

https://youtube.com/shorts/PB6odPVNqTM?si=wObMbzrCh9T3LWmI

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomvko/press/news/details/1037599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version