Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төраға орынбасары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төраға орынбасары Ернар Хасенов алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық және энергия кәсіпорындарының жөндеу науқанының жүргізілуін бақылау шеңберінде Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Ернар Хасенов «МАЭК» ЖШС, «Каспий жылу, су арнасы» МКК, и «МӨЭК» АҚ кәсіпорының нысандарын аралап, энергетикалық жабдықтардың ағымдағы жай-күйімен және жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының, барысымен танысты.

Негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстарының көлемі мен мерзімдерінің бекітілген графикке сай орындалуына ерекше назар аударылды. Кездесулер барысында 2024–2025 жылғы жылыту маусымының өту мәселелері, технологиялық бұзушылық жағдайлары, сондай-ақ электр және жылу желілерін пайдаланудағы проблемалық мәселелер мен энергия жабдықтарының жұмысына байланысты ықтимал тәуекелдер талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1037886?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version