14-20 шілде аралығында Корея Республикасының Чхунчхон қаласында таеквондодан (WT) CHUNCHEON KOREA OPEN халықаралық турнирі өтті.
Аталған дүбірлі додада Түркістан қаласының “Барыс” спорт клубының таеквондошылары сәтті өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Жас спортшыларымыз шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға ие болып, көк байрағымызды шет елде желбіретті.
Халықаралық деңгейдегі бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар қатысып, тартысты бәсеке өрбіді. Осындай беделді турнирде топ жару – облыс спортындағы үлкен жетістік.
Түркістан қаласының спорт саласына қосқан бұл үлестері үшін “Барыс” спорт клубының бапкерлер құрамы мен жеңімпаз спортшыларға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да ел абыройын асқақтатар биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1037883?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау