АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «МОПЕД» АТТЫ ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19–22 шілде күндері Алматы облысының аумағында, соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында, «Мопед» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Шараның басты мақсаты – мопедтер, скутерлер мен мотоциклдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ екі дөңгелекті көлік құралдарын тізгіндейтін жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жолдарда тексеру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен түсіндіру әңгімелерін өткізіп, ата-аналар мен жасөспірімдермен кездесулер ұйымдастыруда. Сонымен қатар мотокөлік құралдарын пайдалану тәртібінің сақталуына да ерекше назар аударылуда.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың мопед басқару фактілері басты бақылауда. Жол қозғалысы ережелерін меңгермей, жүргізуші куәлігі мен қорғаныс жабдықтарынсыз көлік жүргізу – жас жүргізушінің де, жол қозғалысының басқа қатысушыларының да өміріне қауіп төндіреді.

Осыған орай, полиция қызметі облыс тұрғындарын балалар мен жасөспірімдерге мопед бермеуге, мотошлем тағу мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолда абай болып, әрбір қозғалысқа мұқият мән беріңіздер.

Құрметті азаматтар! Естеріңізде болсын: мопед – бұл ойыншық емес, жоғары қауіп көзі. Бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке алып келуі мүмкін. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығы – сіздің қолыңызда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1038105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version